БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТУЫНДАУЫН БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ СІЗДІҢ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
БІЗДІҢ ҚҰЗЫРЕТІМІЗ
Клиенттеріміздің объектілерінде сапаны, қауіпсіздікті және өнімділікті арттыруға айтарлықтай үлесімізді қосамыз.
Компания әрекет ету кезеңі ішінде үнемі қызметтер шоғырын кеңейтіп және сапасының стандарттарын жақсартып, 70-тен астам отандық және шетелдік компаниялармен жобаларды орындады.
Неге клиенттер бізді таңдайды? Біздің портфолиода Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз сияқты еліміздің ірі мұнай-газ жобаларындағы сәтті және көп жылдық жұмыс бар. Бұл бізге күрделілігі жоғары объектілерде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті, сараптауды, сертификаттауды және техникалық қадағалауды қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық көшбасшы саналу құқығын береді.
Компания қызметінің негізгі бағыттары:
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік және сараптық қызметтер;
- объектілердің өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кеңес беру қызметтері;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы;
- өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу;
- кейінгі келісу және уәкілетті органдарда бекіту арқылы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттер өткізу;
- өнімнің сәйкестігін растау (сертификаттау) саласындағы консалтингтік қызметтер;
- метрология саласындағы консалтингтік қызметтер (сынақ жабдығын және өлшеу құралдарын аттестаттау, МӨЖ ҚР тізіліміне енгізу).
БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕРІМІЗ
КОМПАНИЯНЫҢ БАС КЕҢСЕСІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА НҰРЛЫ-ТАУ
БИЗНЕС-ОРТАЛЫҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН
КОМПАНИЯ ТАРИХЫ
Компания өз қызметін 1997 жылы бастады. Компания қатысқан маңызды ескі жобаларға мыналар жатады:
- Президент Резиденциясы, Президент Әкімшілігі, Парламент (Астана қ.) ғимараттар кешенін қайта құру;
- Ұлттық Банк пен Мемлекеттік сақтау қоймасы кешенін (Алматы қ.) қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау.
1998 жылдан бастап біздің компания Қазақстанның мұнай-газ саласының кәсіпорындарына кешендік қызметтерді көрсетеді.
НЕГІЗГІ КЛИЕНТТЕРІМІЗ:
- Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) (Қарашығанақ кен орны, Батыс Қазақстан облысы), 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін;
- "Теңізшевройл" ЖШС және "ПФД Интернэйшнл" ЖШС (KPJV) (Теңіз кен орны, Атырау облысы), 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін;
- "Agip KCO" (NCOC) (Қашаған кен орны, Атырау облысы), 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
БІЗДІҢ САПА СТАНДАРТТАРЫМЫЗ
Біздің компания үнемі қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттырады және менеджмент жүйесін оңтайландырады. Біріктірілген менеджмент жүйесін құрудың негізі – бір-бірімен үйлесімді ҚР СТ ISО 9001, ҚР СТ ISO 14001 және ҚР СТ ISO 45001 стандарттары. Тұрақты бақылау, қауіпті факторларды уақтылы жою және үнемі жақсарту мәдениетін енгізудің арқасында Компанияның тапсырыс берушілерімен кері байланысты қолдау, қызметкерлерді жұмылдыру, бизнес-үдерістерді жақсарту, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың тәуекелдерін азайту, өндірістік жарақаттар санын азайту жүргізіледі, бұл өз кезегінде Компанияның көпшілік және іскерлік беделін нығайтуды, оған сенімділік деңгейін арттырады.
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША САЯСАТ
«Файкон LTD» ЖШС саясаты Қазақстан Республикасы заңнамасының қағидаларына, компания басшылығының міндеттемелеріне, жоспарларды, есептілікті жоспарлауға, іске асыруға, мониторингтеуге және орындауды бағалаудың нақты жүйесіне негізделген қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз етудің стратегиялық үдерісі арқылы барлық қызмет түрлеріне басшылық жүргізуге арналған.
Саясаттың негізін қалайтын мақсат: қауіпсіздікті, жұмыс орындарында еңбекті және қызметкерлерінің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, компанияның қызметіне қатысты басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттарды мүлтіксіз орындау есебінен қызметті іске асыру жерлерінде табиғи ортаны барынша қолдау және сақтау.
«Файкон LTD» ЖШС ҚАТЫСУЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ САЛАСЫНДА
2003 жылғы сәуірден бастап компания ТК №46 өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитет мүшесі болып табылады.
“Файкон LTD” ЖШС ТК №46 құрамында:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін дамытудың бағдарламалары мен жоспарларына қағидаларды дайындайды;
- техникалық реттеу, өрт қауіпсіздігінің мәселелеріне қатысты мемлекетаралық және ұлттық стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қарастыруға қатысады;
- бекітілген саласына сәйкес ұлттық стандарттардың жобаларын қарастырады және әзірлеушілерге оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын енгізеді.
БІЗДІҢ КОМАНДА
Компанияда 90-нан астам біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді.
КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - БҰЛ АДАМДАР!
- Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы аттестатталған мамандар;
- 1 және 2 деңгейлі құрылысқа техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылымдардың сенімділігін және беріктігін техникалық байқау бойынша сараптық жұмыстарды орындау бойынша аттестатталған мамандар;
- Жобаларды техникалық сүйемелдеу бойынша аттестатталған мамандар;
- Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша аттестатталған мамандар;
- Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша мамандар;
- Бағыттар бойынша өнімнің сәйкестігін растау бойынша аттестатталған сарапшы-аудиторлар: машина жасау өнімі (соның ішінде, газ тәрізді отында және артық қысымда жұмыс істейтін, жарылыстан қорғалған орындау нұсқасы; металлургиялық өнім; электртехникалық, радиотехникалық және кабельдік өнім; байланыс және коммуникация құралдарының электрондық өнімі; химиялық өнім; құрылыс материалдары, құрылымдар және бұйымдар; жиһаздық өнім;
- Сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша аудитор сарапшылар (ISO 9001); экологиялық менеджмент (ISO 14001); кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті (OHSAS 18001, ISO 45001); энергетикалық менеджмент (ISO 50001).
Біздің компания басқа қалалар мен елдердегі тапсырыс берушілердің кеңселері мен алаңшаларында жұмыс істеу үшін қызметкерлер құрамын жұмылдырудың табысты тәжірибесіне ие.
Инжинирингтік қызметтерді көрсету және сараптық жұмыстарды орындау үшін бізде барлық қажетті лицензиялар мен аттестаттар, өлшеу және бақылау құралдары, сондай-ақ қажетті бағдарламалық жасақтама бар.