ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ
ЕҢ ІРІ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУГЕ
ҚОСҚАН ҮЛЕСІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ

КҮРДЕЛІЛІК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ 20 ЖЫЛДЫҚ ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС

«Файкон LTD» ЖШС мамандары 20 жылдан артық уақыт бойы Қазақстанның мұнай-газ саласының ең ірі жобаларына қатысып келеді. Осы жылдар аралығында, біз баға жетпес тәжірибе жинақтап, білікті команданы, қажетті техникалық және бағдарламалық жабдықтарды жинап үлгердік. Бүгінгі таңда, «Файкон LTD» ЖШС — Қазақстандағы күрделілік деңгейі жоғары объектілердегі сертификаттау, сараптау және техникалық қадағалау саласындағы көшбасшы компания болып саналады. Бизнес жүргізу сапасы саласындағы бірқатар халықаралық марапат біздің мінсіз іскерлік абырой-беделіміз бен менеджменттің жоғары стандарттарын растайды.

ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫЗ

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы — Роял Датч Шелл (29,25%), Эни (29,25%), Шеврон (18%), ЛУКОЙЛ (13,5%) және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ (10%) бірлескен кәсіпорны болып табылады.

КПО компаниясы Батыс Қазақстан облысында орналасқан және әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі болып табылатын Қарашығанақ кен орнын игеру мен дамыту үдерісіне басшылық етіп келеді.

Қарашығанақ ауданы 280-нен астам шаршы шақырымды құрайды, ал мұнай, газ және конденсаттың теңгерімдік қорлары (HIIP) болса — конденсаттың 9 миллиард баррелін және газдың 48 триллион текше футын құрайды, ал есептік жалпы қоры конденсаттың 2,4 миллиардтан астам баррелін және газдың 16 триллион текше футын құрайды.

ҚАРАШЫҒАНАҚ (КРО) ЖОБАСЫНДА «ФАЙКОН LTD» ЖШС ТАРАПЫНАН 2000 ЖЫЛДАН БАСТАП ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗБЕСІ:

2000 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі аралықта Қарашығанақ жобасы үшін алынған сертификаттар, рұқсаттар, келісулер саны.
  • ҚР сәйкестік сертификаттары
    551
  • Сараптама қорытындылары. Жұмыс жобаларын қолдануға, келісуге рұқсаттар алу
    301
  • Сараптама қорытындылары. Өрт-техникалық өнімдерді қолдануға, жұмыс жобаларын келісуге рұқсаттар мен мақұлдаулар алу
    67
  • Құрылыс жұмыстарын атқаруға рұқсаттар алу
    5
  • Типті бекіту / метрологиялық аттестаттау сертификаттары. ҚР тізіліміне енгізу.
    83
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен (СанЭпидҚадағалау органдарынан) қолдануға рұқсат алу
    14

ТЕҢІЗШЕВРОИЛ КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫЗ

Теңіз кен орны 1979 жылы ашылған және әлемдегі ірі мұнай кен орындарының қатарына кіреді. «Теңізшевройл» орасан зор Теңіз кен орнын және одан аз, бірақ қорлары бойынша ірі Королевское кен орнын, сондай-ақ барлау жүргізу үшін бірнеше келешекті телімдерді қосатын 2500 шаршы шақырым ауданына ие лицензиялық телімнің аумағында орналасқан.

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы мәміленің негізінде құрылды.

ТЕҢІЗ (TCO) ЖОБАСЫНДАҒЫ «ФАЙКОН LTD» ЖШС ЖҰМЫСТАР ТІЗБЕСІ:

2002 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі аралықта Теңіз жобасы үшін алынған сертификаттар, рұқсаттар, келісулер саны.
  • ҚР және КО сертификаттары / сәйкестік декларациялары
    1700
  • Сараптама қорытындылары. Жұмыс жобаларын қолдануға, келісуге рұқсаттар алу
    510
  • Сараптама қорытындылары. Өрт-техникалық өнімдерді қолдануға, жұмыс жобаларын келісуге рұқсаттар мен мақұлдаулар алу
    32
  • Құрылыс жұмыстарын атқаруға рұқсаттар алу
    15
  • Типті бекіту / метрологиялық аттестаттау сертификаттары.
    37
  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен (СанЭпидҚадағалау органдарынан) қолдануға рұқсат алу
    20

NCOC (North Caspian Operating Company) КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫМЫЗ

Солтүстік-Каспий Жобасы Қазақстандағы теңіз мұнай-газ кен орындарын игерудің бірінші ірі жобасы болып табылады. Оған келесі бес кен орны кіреді: Қашаған, Каламқас-теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған.

Қашаған ірі кен орны соңғы төрт он жылдықта ашылған орасан зор мұнай кен орындарының бірі болып табылады; оның өндірілетін қорлары шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна) мұнайды құрайды. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 км су астында 3-4 метр тереңдікте және теңіз түбінен 4 км-ден артық (4 200 метр) қашықтықта орналасқан.

ҚАШАҒАН ЖОБАСЫНДА «ФАЙКОН LTD» ЖШС ТАРАПЫНАН 2002 ЖЫЛДАН БАСТАП ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗБЕСІ:

2002 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі аралықта ҚАШАҒАН жобасы үшін алынған сертификаттар, рұқсаттар, келісулер саны.
  • ҚР сәйкестік сертификаттары
    234
  • Сараптама қорытындылары. Жұмыс жобаларын қолдануға, келісуге рұқсаттар алу
    245
  • Сараптама қорытындылары. Өрт-техникалық өнімдерді қолдануға, жұмыс жобаларын келісуге рұқсаттар мен мақұлдаулар алу
    93
  • Құрылыс жұмыстарын атқаруға рұқсаттар алу
    22
  • Типті бекіту / метрологиялық аттестаттау сертификаттары. ҚР тізіліміне енгізу.
    125
  • СанЭпидҚадағалау органдарынан қолдануға рұқсат алу
    20