Өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарды белгілейтін мемлекеттік және тізімдемелік нормативтік-техникалық құжаттарды қарастыру, әзірлеу және өзектендіру бойынша қызметтер
Мемлекеттік және идаралық нормативтік-техникалық құжаттардың, ұйымдардың стандарттарының, өртке қарсы талаптарды қоятын нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтардың жобаларын шарт негізінде қарастыру, сараптау, әзірлеу және өзектендіру.
2003 жылдан бері ТК-46 өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі болып табылатын «Файкон Ltd» ЖШС, өнеркәсіптік әртүрлі салаларындағы объектілер, сонымен қатар мұнай-газ саласындағы объектілер үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтерді әзірлеу және өзектендіру бойынша тәжірибеге ие.
«Файкон Ltd» ЖШС, ҚР ҚБҚ 2.02-11-2001 «Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын дамыту объектілерінің өрт қауіпсіздігі шараларын жобалау негіздері», ҚР ҚБҚ 2.02-18-2005 және ҚР ҚН 2.02-15-2005 «Теңізшевройл (ТШО) дамыту объектілерінің өрт қауіпсіздігі жүйелерін жобалау», ҚР ЕЖ 2.02-106-2019 «ТШО объектілерінің өрт қауіпсіздігі жүйелерін жобалау» нормативтерінің және бірқатар басқа мемлекеттік нормативтердің әзірлеушісі болған.
Жобалау барысында стандартты емес техникалық шешімдерді қолдану қажет болса, біздің мамандарымыз арнайы техникалық шарттарды әзірлеп береді де, келісуді ұйымдастырады.