Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен тауар (зат, материал, аспап, құрылғы) Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің аумағында белгіленген барлық санитарлық және гигиеналық нормаларға толығымен сай келетінін куәландыратын ресми құжат.

Мемлекеттік тіркеу рәсімінен міндетті түрде өтуі тиісті тауарларға рәсімделген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болмайынша, сәйкестік туралы сертификатты (сәйкестік туралы декларацияны) алу және осы өнімді немесе бұйымды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында заңды түрде тарату мүмкін болмайды.

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер жөніндегі мәлімет, уәкілетті орган тарапынан қалыптастырылып жүргізілетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.